Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«SUPER KIDS FEST» – Балаларды қорғау күні мерекесі!
Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің Ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «SUPER KIDS FEST» мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Шараның мақсаты – балалардың құқықтарын, қауіпсіздігін және бақытты балалық шағын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және қоғамның балаларға деген қамқорлығын арттыру.
Мерекелік бағдарлама барысында балалар қызықты ойындар ойнап, көңілді билер биледі, ертегі кейіпкерлерімен бірге ерекше әсерге бөленді. Логопед, психолог, дефектолог және педагог-ассистент мамандар ұйымдастырған эстафеталық жарыстары мен танымдық ойындары балалардың белсенділігі мен ұйымшылдығын арттырды. Сонымен қатар, мектепте тәжірибеден өтіп жүрген логопед студенттер мерекелік шараны ұйымдастыруға белсене атсалысып, ойындар өткізу мен балаларға қолдау көрсету арқылы өз үлестерін қосты.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан бүлдіршіндер арнайы номинациялармен марапатталды.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беріп, олардың қуанышты сәттерін арттыруға бағытталған бұл мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды. Осындай игі шаралар балалардың әлеуметтенуіне, шығармашылық әлеуетін дамытуға және олардың қоғамдағы маңызын арттыруға ықпал етеді.