Тоғызқұмалақтан республикалық турнир қорытындыланды
Қазалы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан азамат, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, еңбек ардагері Жалпақбай Нұрмағамбетовті еске алуға арналған тоғызқұмалақтан өткен республикалық турнир өз мәресіне жетті.
Ұлттық спорт түрінен алты күнге созылған турнирге еліміздің Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан және барлық аудандардан келген 160-қа жуық спортшы бақ сынасқан болатын. Жарысқа қатысқан мектебіміздің оқушылары жеңіске жетіп, жоғары нәтиже көрсетті.
13 ЖАС ҰЛДАР АРАСЫНДА:
І орын – Ермұрат Абылайхан
ІІІ орын – Ақшүкір Алинұр
15 ЖАС ҰЛДАР АРАСЫНДА:
І орын – Ералиев Арсен
15 ЖАС ҚЫЗДАР АРАСЫНДА:
ІІІ орын – Әбдімұратова Еркежан
Жетекшісі: Рзаев Бексұлтанды және жеңімпаз-жүлдегерлер оқушыларды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!